almanit

ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелер және жүйелік интеграция нарығында жұмыс істейтін жетекші ИТ-Компания

Компания туралы

«ALMANIT» — бұл жас, креативті, мақсатына ұмтылған, қарқынды түрде дамып келе жатқан, өршіл компания.

Бизнесті адал жолмен жүргізу – біздің компаниямыздың ең негізгі жұмыс істеу қағидасы болып табылады. Біз тапсырыс берушілеріміз бен қызметкерлеріміздің алдындағы барлық міндеттемелеріміздің орындалуын жауапкершілікпен қадағалаймыз.

«ALMANIT» — бұл әртүрлі ИТ-жобаларда қомақты тәжірибе жинаған, біліктілігі жоғары, дарынды мамандардан құралған команда.

Біздің қызметтер



«ALMANIT» ЖШС процессингтік және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады, төмендегілерді қоса алғанда банктердің эмиссиялық және эквайрингтік бағдарламаларын жүзеге асыруда консультациялық және технологиялық қолдау көрсетеді:

Карталардың, құрылғылардың деректер базаларын жүргізу және банктерге процессингтік қызмет көрсетудің толық аутсорсингі;

Серіктес банктердің демеушілік бағдарламаларына процессингтік қызмет көрсету;

Өзіне қызмет көрсету құрылғыларына процессингтік және кешенді техникалық қызмет көрсету;

Банкоматтар мен POS-терминалдардың байланыс арналарына процессингтік қызмет көрсету;

Электронды коммерция өнімдерін енгізу;

Диспуттық циклдарды кешенді жүргізу және Fraud мониторинг (эмиссия/эквайринг);

Процессинг орталығына қашықтықтан қолжетімділік ұсыну;

Төлем жүйесінде Клиентті сертификаттау, құжаттарды толтыруға және жобаны басқаруға көмек көрсету;

Клиент деректерінің өзге процессингтерден миграциясына көмектесу;

Жеке және тізіммен Клиент карталарын шығаруды ұйымдастыру;

Өнімділігі мен қауіпсіздігі жоғары Datacard жабдығында дербестендіру;

Way4 процессингтік жүйесінде Клиент карталары бойынша операцияларды есепке алу;

АКЖ және тапсырыс берушінің өзге де ақпараттық жүйелеріне интеграциялық интерфейстер ұсыну және оларды жетілдіру;

Эмиссияға және эквайрингке арналған 3D-Security серверлерінің жеке инфрақұрылымы;

Халықаралық аударымдарды қоса алғанда Mastercard (MoneySend) жүйесі арқылы ақша аударымдары;

Интернет-эквайринг жобаларына қызмет көрсету;

Мобильді әмияндармен және виртуалды карталармен шешімдер;

ПИНкодты орнату және ауыстыру, карталарға тапсырыс беру және т.б. бойынша Клиент карталарын ұстаушыларға арналған өзіне өзі қызмет көрсету шешімдері;

СМС-орталық;

Төлем сервистерінің агрегаторларымен интеграция;

Мобильді және интернет банкинг сервистері;

Банктің, мерчанттың, қызметтер провайдерінің бизнесіне арналған жеке шешімдерді жүзеге асыру.

Біз қалай жұмыс істейміз

Адамдардың өмірін жақсартатын Digital шешімдер

Серіктестеріміз



Байланыс мәліметтері



«ALMANIT» ЖШС, Алматы қ., Алатау ықшам ауданы, Ибрагимов к., 9, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА, блок «С», 330-, 332-кеңсе, e-mail: info@almanit.kz, телефон: +7(727)320-18-51

«ALMANIT» ЖШС өкілдігі, Алматы қ.,                                                    Достық даңғылы, 162, 4-пәтер,                                                              info@almanit.kz; телефон: +7(727)344-19-61

Қоңырау шалуға
тапсырыс беру