АКАЖ автоматтандыру

Процессинг қызметтері

Интеграциялық шешімдер

Web-қосымшалар әзірлеу

Бизнес-үдерістерді автоматтандыру

Мобильді қосымшалар (iOS, Android) әзірлеу

АКАЖ автоматтандыру

  1. Бұрыннан бар банктік өнімдерді автоматтандыру 
    • Несиелер
    • Кепілзаттар
    • Кепілдіктер
    • Несие карталары
    • Аккредитивтер
    • ЕКҚ және Аударымдар
    • Картотека
    • Несие карталарым
  2. Жаңа өнімді дамыту 
  3. Нормативтік және басқарушылық есептілікті жасау
  1.  

Процессинг қызметтері

«ALMANIT» ЖШС процессингтік және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады, төмендегілерді қоса алғанда банктердің эмиссиялық және эквайрингтік бағдарламаларын жүзеге асыруда консультациялық және технологиялық қолдау көрсетеді:

  • Карталардың, құрылғылардың деректер базаларын жүргізу және банктерге процессингтік қызмет көрсетудің толық аутсорсингі;
  • Серіктес банктердің демеушілік бағдарламаларына процессингтік қызмет көрсету;
  • Өзіне қызмет көрсету құрылғыларына процессингтік және кешенді техникалық қызмет көрсету;
  • Банкоматтар мен POS-терминалдардың байланыс арналарына процессингтік қызмет көрсету;
  • Электронды коммерция өнімдерін енгізу;
  • Диспуттық циклдарды кешенді жүргізу және Fraud мониторинг (эмиссия/эквайринг);
  • Процессинг орталығына қашықтықтан қолжетімділік ұсыну;
  • Төлем жүйесінде Клиентті сертификаттау, құжаттарды толтыруға және жобаны басқаруға көмек көрсету;
  • Клиент деректерінің өзге процессингтерден миграциясына көмектесу;
  • Жеке және тізіммен Клиент карталарын шығаруды ұйымдастыру;
  • Өнімділігі мен қауіпсіздігі жоғары Datacard жабдығында дербестендіру;
  • Way4 процессингтік жүйесінде Клиент карталары бойынша операцияларды есепке алу;
  • АКЖ және тапсырыс берушінің өзге де ақпараттық жүйелеріне интеграциялық интерфейстер ұсыну және оларды жетілдіру;
  • Эмиссияға және эквайрингке арналған 3D-Security серверлерінің жеке инфрақұрылымы;
  • Халықаралық аударымдарды қоса алғанда Mastercard (MoneySend) жүйесі арқылы ақша аударымдары;
  • Интернет-эквайринг жобаларына қызмет көрсету;
  • Мобильді әмияндармен және виртуалды карталармен шешімдер;
  • ПИНкодты орнату және ауыстыру, карталарға тапсырыс беру және т.б. бойынша Клиент карталарын ұстаушыларға арналған өзіне өзі қызмет көрсету шешімдері;
  • СМС-орталық;
  • Төлем сервистерінің агрегаторларымен интеграция;
  • Мобильді және интернет банкинг сервистері;
  • Банктің, мерчанттың, қызметтер провайдерінің бизнесіне арналған жеке шешімдерді жүзеге асыру.

Интеграциялық шешімдер

IBM ESB шешімдерінің, Kubernetes + Spring boot негізіндегі микросервистік шинаның көмегімен ақпараттық жүйелерді интеграциялау:

  • АКАЖ компанияның кез келген ішкі ақпараттық жүйелерімен (ҚБҚ, ERP және т.б.) интеграциялау;
  • ЭҮТШ, ЭШФ, ЭИВҚ, ОБДШ интеграция;
  • Төлем агрегаторларымен интеграция;
  • Сыртқы қызмет жеткізушілермен интеграция.

Web-қосымшалар әзірлеу

Кез келген күрделілік дәрежесі бар web-қосымшалар (Spring, Angular JS) әзірлеу:

  • компанияның web-порталдары;
  • клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсетуді автоматтандыруға арналған шешім;
  • компанияның бизнес-үдерістерін автоматтандыра отырып бөлінген жүктемесі жоғары есептік жүйелер.

Бизнес-үдерістерді автоматтандыру

  • Тапсырыс берушінің бұрыннан бар бизнес-үдерістеріне аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа бизнес-үдерістер әзірлеуде қолдау көрсету;
  • Бұрыннан бар үдерістерді автоматтандыру және жаңа немесе түрлендірілген үдерістерді автоматтандыру ережелерін әзірлеу;
  • Тапсырыс берушіде қолмен істеу режимінде жүзеге асырылған бизнес үдерістерді авторландыру үшін IBM BPM, Camunda BPM платформаларында баптауларды жүзеге асыру.

Мобильді қосымшалар (iOS, Android) әзірлеу

  • Spring, Angular JS фреймворктерін, қызметкерлеріміздің біліктілігі мен тәжірибесін қолдана отырып, біз тапсырыс берушінің бизнес және/немесе техникалық талаптарына негізделген күрделілік дәрежесі кез келген web-қосымша әзірлеуге дайынбыз;
  • Тапсырыс беруші өз бизнесін дамыту және ауқымын кеңейту үшін iOS және/немесе Android ОЖ қолдануды қалайтын болса, біз аталған платформаларға арналған әрі қолайлы, әрі эргономикалық қосымшалар әзірлеуге дайынбыз.